Дін және қоғам

Біздің еліміз көп ұлттың отаны бола білген зайырлы мемлекет болғандықтан, діни ахуал қашанда басты назарда. Дегенмен бүгінгі таңда елде дінаралық татулықтың қаймағы бұзылған емес. Ол үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
Осындай кездесулердің бірі Аудандық жер бөлімінің, аудандық құрылыс бөлімінің, Арман мәдениет үйінің, ГРП-23 мекемесінің, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы , жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұжымдарымен «Дін және қоғам» атты тақырыбында өткізілді. Кездесу Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – деп Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Шиелі аудандық орталық мешіттің бас имамы Ұлжаев Бақыттың алғашқы сөзімен бастау алды. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели