Шиелі аудандық емханада «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

Дін – миллиондаған адамдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай — ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Көп дінді Қазақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажетті шарт. Себебі, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі. Қазақстан аумағындағы діни ұйымдар қызметіне байланысты мемлекеттік саясат оларды алаламай, бәріне бірдей қарау негізінде жүзеге асырылады. Осыған орай Аудандық Ішкі Саясат Бөлімінің және «Береке-Жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шиелі аудандық емханада «Дін және қоғам» тақырыбында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.Нұр мүбарак египет ислам мәдениеті универсетінде исламтану факультетінің түлегі, Шиелі аудандық орталық мешітінің наиб имамы, теолог Бекенов Сәкен Досжанұлы қатысты. Кездесу барысында сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели