Интелектуалды сайыс

Қараша айының 4-жұлдызында  Ауданымыздың орталық мешітінде қарашаның 2-жұлдызында, Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Береке-Жастар» қоғамдық бірлестігімен
Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ілім-Исламның өмірі, иманның тірегі» атты мешіт жамағаттары арасында интелектуалды білім сайысы өтті. Білім сайысына аудан мешіттерінің жамағаттарынан құралған төрт топ қатысып «Фатх» тобы,жүлделі бірінші орынды иеленсе «Мумин» тобы, екінші орынға жайғасып «Ханафи» тобы» үшінші орын иегері атандып қаржылай сыйлыққа ие болды. «Ясин» және «Шәзілдә» тобы белсенділік танытып қатысқандығы үшін қаржылай ынталандыру сыйлығының иегерлері атанып, «Үздік топбасшы» номинациясымен Әбдімүтәліпұлы Ынтымақ марапатталып қаржылай сыйлыққа иегер болды. Марапаттау рәсімінде Облсымыздың бас имамы Болатбек Абуовпен Шиелі аудандық орталық мешіттің бас имамы Бақыт Ұлжаев сөз сөйлеп «Береке-Жастар» қб төрағасы Олжас Әбдіқалық шараға қатысушыларды мараппаттады. Сайыс соңында Ақмешіт сырдария орталық мешітінің найб имамы, Садуов Шыңғыс қари қасиетті Құран аяттарын оқып, шараға қатысушы жамағат естелік суретке түсті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели