Спорт-денсаулық кепілі

Шиеліден ақпарат :
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Береке жастар»қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша орталық спорт кешенінде «Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыбында аудан тұрғындары оның ішінде жастарымен мешіт жамағаттары арасында баскетболдан аудандық турнир өткізілді. Турнирді Шиелі аудандық орталық мешіттің бас имамы Бақыт Улжаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге 5 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Орталық мешітке 1 орын бұйырса, Төңкеріске 2 орын, РУ-6 командасына 3 орын тиесілі болып дипломмен ақшалай сыйлықпен, қалған Шәйзылда және Жақаев командаларыда алғыс хатпен және қаржылай сыйлықпен шара соңында «Береке-Жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О. Әбдіқалық өзі мараппаттады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели