Алла Елшісінің (с.а.у.) кейіннен болатын көптеген оқиғаларды бейне бір теледидар экранынан көріп тұрғандай ай­на-қатесіз хабар беруі де – Оның пайғамбарлығының дәлелі. Пайғамбарымыздың берген хабарларынан бірне­ше мысал келтірейік:
Алла Елшісінің (с.а.у.) Бәдір шайқасының алдында Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас дұшпандарының осы соғыста қаза табатындықтарын, тіпті әрқайсысының қайда жер жастанатындықтарына дейін дөп басып сахабаларына хабар беруі[1] және айтқандарының айна-қатесіз келуі – Оның (с.а.у.) тек Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
«Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады. Сосын патшалық болады»[2] – деген Алла Елшісінің сөзде­рі кейіннен дәл айтқанындай болды.
1) Әбу Бәкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2) Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3) Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
4) Әли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
5) Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн.

Барлығын қосқанда 30 жыл[3].

«Омар тірі кезде бүлік болмайды. Омар барлық бүлік – фитна есіктерін жабады», «Осман Құран оқып отырған­да өлтіріледі», «Хайбар қамалы Әлидің қолымен алынады», «Әбу Зәрр жалғыз өмір сүріп, жалғыз өледі», «Ме­нен (с.а.у.) кейін әһли бәйт ішінен алғаш қайтыс болып, маған қауышатын Фатима» секілді Пайғамбарымыздың пәк сөздері кейіннен «Сен еш күмәнсіз Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің» дегендей дәлме-дәл болып жат­ты.

[1] Муслим, Жәннат.

[2] Тирмизи, Әбу Дәәуд.

[3] Абдуллаһ Аймаз, Кадер илми исбаты, 10-бет.