«ДАИШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары» тақырыптарында бүктеме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

03 Apr 2017 0 comment Оқылды: 120 рет

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қатері» тақырыбында ақпан айының 21-і күні «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімше мамандарының ұйымдастыруымен орталық базарда  акция болып өтті. Акция барысында аудан тұрғындарына «Зайырлылық – Мемлекет пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры», «Қыздар – олар мейірімді, игі жандар», « Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет», «Ғаламтордағы діни ағымдардан сақ болыңыз!», «Қазақстан рухани келісім мекені», «ДАИШ тұзағы немесе соқыр сенімнің салдары» тақырыптарында бүктеме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз