«Діни экстремизм және тұрғындардың құқықтық-діни сауатын арттыру» тақырыбында акция өткізді

10 Oct 2016 0 comment Оқылды: 232 рет

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңын түсіндіру, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі дініміздің құндылықтарын түсіндіру, жат ағымдарға қарсы тұрғындардың имунитетін қалыптастыру, олардан сақтандыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімше қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм және тұрғындардың құқықтық-діни сауатын арттыру» тақырыбында Нартай Бекежанов ауылы мен Көкшоқы елді мекеніндегі сауда нүктелерінде акция өткізді. Акция барысында елді-мекен тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кез келген мәселе бойынша таратпа материалда көрсетілген сенім телефонына хабарласуларына болатындығы ескертілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз