Шиелі ауданындағы ішкі істер бөлімінде мекеме қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді

14 Sep 2016 0 comment Оқылды: 213 рет

ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі Шиелі ауданындағы ішкі істер бөлімінде мекеме қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.  Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйек күні өткен оқыту семинарына «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Бақтияр Оспанов жат ағымдардың сипаты, олардың алдын алу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан шаралар, қарапайым адамдардың өзге ағымдарға еріп кету себептері жөнінде толық түсіндіріп берді. Сондай-ақ, жиын соңында түрлі сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз