«Жиһад» жасаймыз деп сан соғып қалған бауырларымыз жайында да сөз қозғады

14 Sep 2016 0 comment Оқылды: 221 рет

Барша мұсылман баласына ортақ «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында Шиелі ауданы, Тартоғай елді-мекенінде орналасқан ЗК-169/4 мекемесіндегі бас бостандығынан айтылған азаматтармен кездесу өткізіліп, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімше меңгерушісі Қожахмет Кеңесбеков пен Тартоғай ауылының имамы Сержан Базарбековтер дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтары және «Құрбан айт» мерекесі жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, діни эктремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жат ағымдардың сипаты мен олардың олқылықтары, «Жиһад» жасаймыз деп сан соғып қалған бауырларымыз жайында да сөз қозғады. Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Жоспарға сай аталмыш мекемеде бірқатар сотталған азамсаттармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз