Жат ағымдардың құрдымға жіберетінін ескертті

14 Sep 2016 0 comment Оқылды: 202 рет

Үстіміздегі жылдың 8 қыркүйек күні «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесі бірлесе отырып Шиелі индустриалды – аграрлы колледжінде студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Қожахмет Кеңесбеков, Шиелі ауданының бас имамы Рахат Ахметов,  «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорынының маманы Ақсамал Рысбаевалар баяндамаларын оқып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Жат ағымдарғы адамдарды сипаттап берді, өмірлік ұстанымдарын түсіндірді, қоғамға тигізер зарары туралы айтты. Студент жастарды жат ағымдардан сақ болуға шақырды. Жат ағымдардың құрдымға жіберетінін ескертті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз