Кәрімбаев көшесіндегі тұрғындар мен сауда орындарында акция болып өтті

14 Sep 2016 0 comment Оқылды: 164 рет

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру, тұрғындарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында үстіміздегі жылдың 7 қыркүйек күні «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы Кәрімбаев көшесіндегі тұрғындар мен сауда орындарында акция болып өтті. Тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жат ағымдардан сақ болулары керектігін, діни білім алам деген ұл-қыздарының тек мешіт имамдарынан ғана білім алғанын қадағалау керектігі жөнінде ескертілді. Сонымен қатар, туындаған кез келген мәселе бойынша сенім телефондарына хабарласып, ақпарат алуларына болатындығы жөнінде хабардар етілді.  

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз