Жас отбасыларға ғибратқа толы әңгімелерін айтып, түрлі тақырыпта баяндамаларын жасады.

14 Sep 2016 0 comment Оқылды: 161 рет

Отбасы құндылықтарын сақтау, отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптастыру, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту мақсатында үстіміздегі жылдың 7 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімі бірлесе отырып ауданымыздағы жас отбасылармен «Отбасы құндылығы» атты семинар өткізді. Семинар барысында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, аудандық «қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өркен Исмаил, Ақтоған ауылдық округі Әйелдер қауымдастығының төрайымы, «Береке» балабақшасының меңгерушісі Баян Нәлібаева, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің меңгерушісі, теолог маман Қожахмет Кеңесбековтер жас отбасыларға ғибратқа толы әңгімелерін айтып, түрлі тақырыпта баяндамаларын жасады. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз