Орталық «М.Шоқай» алаңында және теміржол вокзалында акция өткізді

01 Sep 2016 0 comment Оқылды: 172 рет

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу, тұрғындарды жат ағымдардан сақтандыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімше қызметкерлерінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 26 тамыз күні орталық «М.Шоқай» алаңында және теміржол вокзалында акция өткізді. Акция барысында аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды. Сондай-ақ, кез келген сұрақтар бойынша сенім телефонына хабарласуына болатындығы ескертіліп, ең алдымен діни білімді мешіт имамдарынан алу керек екендігі түсіндірілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз