«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жүрген жастармен кездесу өткізілді.

20 Aug 2016 0 comment Оқылды: 191 рет

Қазақ халқы қай уақытта, қай заманда болмасын жастарды елінің болашағы санап, жастардың тәрбесін бірінші кезекке қойды. Оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында қашанда қаймықпай жұмыс жасап, тер төккен. Шілде айының 8 жұлдызында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық мамандары мен «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен «Ардегерлер үйінің» мәжіліс залында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жүрген жастармен кездесу өткізілді. Жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, олардың діни сауаттылықтарын арттыру, сондай-ақ, саналы тәрбие беру мақсатында өткен жиында «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Айдана Маманова мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбековтер өздерінің баяндамаларын жасап, жастарға түзу жолдан таймайтын жол сілтеді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз