«Жат ағымдардан сақтанайық» тақырыбында акция болып өтті

29 Шілде 2016 0 comment Оқылды: 188 рет

Үстіміздегі жылдың 29 шілде күні «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімше қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жат ағымдардан сақтанайық» тақырыбында акция болып өтті. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақтандыру мақсатында өткен акцияда Байсын, Бидайкөл ауылдарында және Шиелі кентіндегі С.Сейфуллин көшесіндегі тұрғындар қамтылды. Акция барысында тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бүктеме қағаздар таратылып, кез келген діни салаға қатысты мәселе бойынша Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу огрталығының білікті мамандарының сенім телефонына хабарласуларына болатыны ескертілді. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз