Тартоғай, Бәйгеқұм, Талаптан, Ақтоған ауылдарында «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді

11 Aug 2016 0 comment Оқылды: 159 рет

Үстіміздегі жылдың 11 тамыз күні «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесі бірлесе отырып, Тартоғай, Бәйгеқұм, Талаптан, Ақтоған ауылдарында «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Қожахмет Кеңесбеков, орталық «Оқшы ата» мешітінің найб имамы Дархан Рысбаев, №205 орта мектебінің тәлімгері, білімді педагог Мұрат Қыпшақбаев, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының маманы Ерболат Мұхтаров, «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорынының маманы Ақсамал Рысбаевалар баяндамаларын оқып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз