Сұлутөбе және Майлытоғай ауылында тұрғындармен «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді

10 Aug 2016 0 comment Оқылды: 185 рет
Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1324-54424564.html#sigProIdc3f61c2376

Үстіміздегі жылдың 10 тамыз күні «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесі бірлесе отырып, Сұлутөбе және Майлытоғай ауылында тұрғындармен  «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Қожахмет Кеңесбеков, орталық «Оқшы ата» мешітінің найб имамы Дархан Рысбаев, №205 орта мектебінің тәлімгері, білімді педагог Мұрат Қыпшақбаев, «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорынының маманы Ақсамал Рысбаевалар баяндамаларын оқып, түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз