Ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы

28 Jun 2016 0 comment Оқылды: 295 рет

Өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-түсіндіру топтың жұмысы 2016 жылдың 20 маусымнан бастап "Діни сауаттылық - тұрақтылық пен бірліктің кепілі" атты тақырыпта Төңкеріс, Ақмая, Керделі, Жиделіарық, Еңбекші, Жуантөбе, Бестам, Ақтоған, Телікөл, Қарғалы, Гигант, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Ортақшыл, Жөлек, Талаптан, Бәйгеқұм ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары, топ жетекшісі А.Есмаханов, топ мүшелері аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Әбдіқадыров, облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша теолог-маманы Қ.Кеңесбеков, Шиелі аудандық орталық мешітінің бас имамы Р.Ахметовтер биылғы ең басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізге 25 жыл және тәуелсіздік жылдарында еліміздің экономикасы қарыштап дамып, әлемнің алпауыт елдерімен тығыз дипломатиялық, экономикалық қарым-қатынас орнатқан, әлемдік саяси аренада өзіндік саяси ұстанымы бар беделді мемлекеттер қатарына қосылғандығы, сондай-ақ, еліміздегі, өңіріміздегі діннің қазіргі жағдайы, діни бірлестіктердің жай-күйі, экстремистік, террористік топтар және дәстүрлі емес діни ағымдардан келетін қауіп жөнінде және қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті туралы сөз сөйледі.

Жалпы кездесуден ауыл тұрғындары қажетті мағлұматтар алып, көкейлерінде жүрген діни сауалдарға тұщымды жауаптар алды.

Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар мекемелерде, ауылдарда жалғасын табатын болады.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1309-a-paratty-t-sindiru-tobyny-zh-mysy.html#sigProId59e6cd2f57

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз