№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде аудан көлеміндегі кездесу

13 Apr 2016 0 comment Оқылды: 226 рет

Өз білім ордаларының белсенділері болып, көпшіліктің алдына шығып, өзі қатарлыларға үлгі болатын «Жайдарман» ойыншыларының аузынан шыққан әрбір сөзінен үлгі боларлық мағыналы, тәрбиелілік көрініп тұрса игі. Үстіміздегі жылдың 13 сәуір күні №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінде аудан көлеміндегі мектептердің «Жайдарман» ойыншыларымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбеков кездесті. Кездесу барысында ар, ұят, сөздің мағыналылығы, басқаларға үлгі болу керектігі, қазақы болмыс, қыз бала қылығымен сымбатты екені сөз етілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз