Діни эксремизм мен терроризмнің алдын алу үшін тұрғындардың діни сауатын арттыру

11 Apr 2016 0 comment Оқылды: 231 рет

Діни эксремизм мен терроризмнің алдын алу үшін тұрғындардың діни сауатын арттыру маңызды болып отырғаны белгілі. Бүгінгі таңда еліміз бойынша діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түрлі жұмыстар атқарылып, ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» және «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімдерінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың сәуір айының 11 жұлдызында аудандық денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Шиелі аудандық спорт клубы» МКҚК-нің ғимаратында болып өтті. Мұнда «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» аудындық бөлімінің бас маманы Қожахмет Кеңесбеков пен «Жастар ресурстық орталығы» аудандық бөлімінің аға кеңесшісі Ынтымақ Қаппаровтар дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтары мен жат ағымдардан сақтану жолдары жөнінде әңгіме өрбітіп, қатысшылардың сауалдарына жауап берді. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз