Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, белсенділікке шақыру мақсатында кездесулер болып өтті

07 Apr 2016 0 comment Оқылды: 467 рет

Үстіміздегі жылдың 7 сәуір күні «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімі мен  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімдері бірлесе отырып № 270 орта мектебінде жоғарғы сынып оқушылары мен жас мамандармен діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылықты арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру, сондай-ақ, жат ағымдардың алдын алу, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, белсенділікке шақыру мақсатында кездесулер болып өтті. Кездесу барысында  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімінің басшысы Айдана Маманова мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбековтер баяндамаларын жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды.  

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз