№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектепте «Отбасы – Отанның ошағы, ұлттың тірегі» тақырыбында шара өткізілді.

01 Mar 2016 0 comment Оқылды: 198 рет

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Шиелі ауданында орналасқан №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектепте «Отбасы – Отанның ошағы, ұлттың тірегі» тақырыбында шара өткізілді. Аталмыш шараға басқада қадірлі қонақтармен қатар орталық мешіттің найб имамы Қанат Құлмағанбет пен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің теолог маманы Қожахмет Кеңесбековтер қатысып, жиынға қатысушы ата-аналар мен ұстаздар қауымына бала тәрбиесі, ата-ананың тәрбие берудегі рөлі, ұл балалар мен қыз балалар тәрбиесі жөнінде әңгіме өрбітті. Сонымен қатар түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз