БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

11 Feb 2016 0 comment Оқылды: 285 рет

Ақпан айының 11-і күні Шиелі аудандық балалар кітапханасында жастардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, жаман қылықтардан аулақ болып, батырлық пен өнерге шақыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің мәнісін түсіндіру, жат ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу, жастар үшін іске асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктерден хабардар ету мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1211-baspas-z-para-y.html#sigProIde5e575e830
Жиында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдастырушы маманы Ерұлан Даткенов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері, Тәжік – Ауған соғысының ардагері Бекболат Әбуов,  ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері Әлмырза Ноғайбаев,Шиелі ауданының бас имамы Рахат Ахметов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Шиелі аудандық бөлімінің аға кеңесшісі Ынтымақ Қаппаровтар түрлі тақырыпта баяндамаларын жасап, жастардың жүректеріне рухани азық пен өмірге деген жаңа серпін сыйлады. Шараға қатысушы жастар да білгілері келетін сұрақтарын қойып, естелік суретке түсумен шара қорытындыланды.  

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз