Халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

04 Feb 2016 0 comment Оқылды: 257 рет

Ақпан айының 4 күні діни экстремизмнің, ұлтаралық және дінаралық түсініспеушіліктің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімі бірлесе отырып аудандағы такси тұрақтарында, орталық базарда «Зайырлы мемлекет және оның құндылықтары» тақырыбында акция өткізіп, такси жүргізушілеріне және аудан тұрғындарына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының татулығы, ұлтаралық достастығы, ауызбіршілігі, зайырлылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Шиелі индустриалды – аграрлы колледжінің белсенді жастарымен бірге «Зайырлылық – мемлекет пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры», «Қазақ хандығы кезеңіндегі ислам», «Суицид – тығырықтан шығар жол емес», «Такфир жамағатынан сақ болыңыз!», «Мәзһаб мұсылмандық мәйегі», «Діни ағымдардың белгілері және зияны» сияқты түрлі тақырыпта бүктеме қағаздары таратылды. 

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1210-khaly-arasynda-t-sindirme-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigProId35e7b0ba4b

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз