«Зайырлы мемлекет – ұлтаралық татулықтың кепілі» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында кездесу болып өтті.

26 Jan 2016 0 comment Оқылды: 288 рет

2016 жылдың 26 қаңтар күні ауданымызда орналасқан жалпы орта білім беретін кешкі мектепте діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Зайырлы мемлекет – ұлтаралық  татулықтың кепілі» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында кездесу болып өтті.

Кездесу барысында мектеп директоры Қ.Берімбет кіріспе сөз сөйледі. Одан кейін «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбеков арнайы дайындап келген бейнероликті көрсетіп, кең шаңырағының астына түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатқан зайырлы Қазақстан Республикасының ауызбіршілігі, татулығы жайында сөз өрбітті. Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға түрлі тақырыпта бүктеме қағаздар таратылды. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз