Еңбекші ауылында Мәуліт мерекесі аталып өтті

23 Jan 2016 0 comment Оқылды: 194 рет

2016 жылдың 23 қаңтар күні ауданымыздың қарт Қаратау етегінде орналасқан Еңбекші ауылында Мәуліт мерекесі аталып өтті. Рухани азығы мен берер өнегесі мол шара қасиетті Құран оқудан бастау алып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайында бейнекөрініс көрсетілді. Келесі кезекте ауыл әкімі Бәйімбет Омаров пен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбековтар құттықтау сөз алып, тәлім-тәрбиесі мол өнегелі әңгімелер айтса, ауданымыздың бас имамы Рахат Ахметов те жұртшылықтың жүрегін тебірентерлік сөз өрбітті.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1205-e-bekshi-auylynda-m-ulit-merekesi-atalyp-tti.html#sigProId3884f1c7ce
Сондай-ақ, А.Өмірәлиев «Алладан басқа тәңір жоқ» термесін жұртшылықтың көңілінен орын алатындай етіп жеткізе алды. Ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекқара Әбдіжаппаров пен әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлман Батышовалар жылы лебіздерін білдірсе, Нартай мектебінің өнерпаздары Нұртілек Ақтаев, Сәбит Әбжаппаров, Нұрберген Оспановтар және Рахат Қалкөзов, мектеп оқушылары тәрбиелік мағынасы мол өлеңдер мен қара өлеңдерін халық назарына ұсынып, «Тәубеге келу» тақырыбында көрінісі сомдалы. Мерекелік жиынның соңында жеке кәсіпкер Бақмырза Ахметов пен Әлия Торемановалар тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға сый-сияпаттарын табыстады. Ақсақал Құралбек Бекшебаев пен ауыл имамы Мұхамедқали Бекқожаев ақ баталарын беріп, елімізге, онда әрбір отбасыларына жақсылық тілеп, бата берулерімен шара өз мәресіне жетті

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз