Ата-аналармен кездесу болып өтті

22 Jan 2016 0 comment Оқылды: 225 рет

2016 жылдың 22 қаңтар күні ауданымыздан алшақ орналасқан Бәйгеқұм елді-мекенінің әкімі Мұхамедәлі  Жүсіптің арнайы  шақыртуымен  ауыл тұрғындары және мектеп табалдырығында білім алып жүрген оқушылардың ата-аналарымен кездесу болып өтті.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1204-ata-analarmen-kezdesu-bolyp-tti.html#sigProIdcb8f4ae466
Кездесуде ата-аналар, мектеп ұстаздары және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбеков сөз алып, жиылған жұртшылыққа шөлдеген адамға су бергендей болды. Отбасындағы бала тәрбиесі, Ұстаздардың бала өмірінде атқаратын рөлі, қазақтың біртуар азаматтарын еске ала отырып, олардың өнегелі өмір жолдарын кең көлемде әңгімеледі. Сонымен қатар, үлкен шаңырағының астында түрлі ұлт өкілдерін сыйғызып отырған еліміздің бейбіт өмір сүруі, ұлтаралық достастық, зайырлылық жайында да сөз өрбітті. Сондай-ақ, қатысушыларға түрлі тақырыпта бүктемелер таратылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз