Студенттермен кездесу болып өтті

21 Jan 2016 0 comment Оқылды: 213 рет

2016 жылдың 21 қаңтар күні «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің аудандық бөлімі мен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның аудандық бөлімі бірлесе отырып Шиелі индустриалды – аграрлы колледжінде ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:Өсім, реформалар, даму» аттыҚазақстан халқына арналаған Жолдауы,мемлекеттік жастар саясатын насихаттау «Дипломмен ауылға», «Құрылыс жасағы», «Жасыл ел» бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, сонымен қатар, діни сауаттылықтарын арттыру мен жалған ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу мақсатында студенттермен кездесу болып өтті.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1198-studenttermen-kezdesu-bolyp-tti.html#sigProId62f4e7293f
Онда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің аудандық бөлімінің басшысы А.Маманова,  аға кеңесшісі Ы.Қаппаровтар Елбасымыздың сарабдал саясатынан хабардар етіп, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардан сөз өрбітті. Сонымен қатар, «Оқшы ата» мешітінің ұстазы Ә. Мырзалиев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбековтер жастарға рухани азық болатын әңгімелерден, бүгінгі таңдағы діни ахуалдан сөз сөйлеп, жалған ағымдардан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз