МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

08 Feb 2016 0 comment Оқылды: 206 рет

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде Һижри IV-V ғасырлардан басталды. Қараңғы түнекте таңның шуағындай жарқырап адамзат өркениетіне жақсылық пен мейірімділігін, адалдық пен әділдікті алып келген екі дүниенің сардары Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесі Шиелі ауданының бірнеше елді-мекендерінде аталып өтті. Соның бірі қаңтар айының 16 күні аудан орталығындағы «Салтанат сарайында» орын алды. Қасиетті мерекелік шараға ауыл имамдары, мешіт жамағаттары, дінтану пәнінің мұғалімдері, облыс орталығынан келген қонақтар, аудан тұрғындары қатысты. Сахна да мерекеге лайықты безендіріліп, түрлі тақырыпта бүктемелер таратылған.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1197-m-ulit-merekesi-atalyp-tti.html#sigProIdada5171582
Мерекеде Алла тағаланың кәламы – қасиетті Құранды «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұстазы Мұхтар Гаджиев оқып бастады. Келесі сөздің тізгінін аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов алып, аудан тұрғындарын қасиетті мерекелерімен құттықтады. Шара барысында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданды. Облыс орталығынан арнайы келген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы Бақтияр Оспановтар өнегесі мол діни оқиғаларды тілге тиек етіп, тыңдаушыларына рухани байлық сыйлай отырып, мерекелік шараға қатысушыларға кітаптар таратты. Ы.Жақаев ауылының мешіт жамағаттары өлеңдерін айтып, мән-мағынасы мол көріністерін көрсетті. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің, Нартай мектебінің, басқа да ауылдан келген жас буын өкілдері шараның өз деңгейінде тартымды болып өтуіне атсалысты.

Ерұлан ДАТКЕНОВ.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз