Жиылған жамағаттың көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап берілді

19 Jan 2016 0 comment Оқылды: 218 рет

2016 жылдың 19 қаңтар күні арнайы Бидайкөл ауылындағы мешіт жамағатының шақыртуымен «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбеков пен аудандық орталық «Оқшы ата» мешітінің ұстазы Абусамат Мырзалиевтер барып, жиылған жамағаттың көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында арнайы ат басын бұрып барған мамандар түрлі тақырыптарға тоқталып, жамағаттың жүректеріне нұр себіп, рухани сусындандырды. Бидайкөл ауылының тұрғындары осындай рухани азық болатын жиындар жиі болып тұрса екен деген тілектерін білдіріп, ризашылықтарын айтты. 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз