«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студентімен кездесу болып өтті

15 Jan 2016 0 comment Оқылды: 214 рет

2016 жылдың 15 қаңтар күні «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімі бірлесе отырып,  Ақмая елді-мекеніндегі №49 орта мектебі мен аудан орталығындағы №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясында Діни экстремизмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру мақсатында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студентімен кездесу болып өтті.

Онда «Жастар ресурстық орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің меңгерушісі Айдана Маманова, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» Шиелі аудандық бөлімінің бас маманы, теолог Қожахмет Кеңесбеков, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Шыңғысхан Садуовтер түрлі тақырыпта баяндамаларын жасап, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие алулары керектігі жетік түсіндірді. Сонымен қатар, діни білім алудың маңыздылығын түрлі мысалдар келтіре отырып, дінтанушы мамандар теңізге құйған тамшы судай болса да оқушыларға тәлім-тәрбие  берерлік әңгімелер өрбітті. Жиын соңында жастар өз ойларын ортаға салып, пікір алысуға ұласты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз