Хабарландыру

07 Aug 2015 0 comment Оқылды: 280 рет

Аудандық ішкі саясат бөлімі «Шиелі-Самғау» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға арналған сенім телефонын ашылғандығын хабарлаймыз.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1173-khabarlandyru.html#sigProId04b36693a5

Хабарласыңыздар, егер:
- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса; 
- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе; 
- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса; 
- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса; 
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса; 
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса; 
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса

біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз!

Сіздер үшін теолог, дінтанушы мамандар жұмыс істейді.

Сенім телефонымыз: 8 (724 32) 4 22 10.

Мекен-жайымыз: Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі №22 (Білім бөліміне қарама-қарсы)

Кеңес беру 9:00 – 14:00-ге дейін және дербес жүргізіледі.

Қоңыраулар ауданның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.

Сіздің қоңырауыңыз құпия түрде сақталады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз