Пресс-релиз

14 Aug 2015 0 comment Оқылды: 298 рет

2015 жылдың 14 тамыз күні сағат 16:00-де «РУ-6» ЖШС-нің мәжіліс залында аудандық ішкі саясат бөлімінің аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелері: «Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі терроризмге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі  Битасов Наржан Тұрсынбайұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің дінтанушы маманы Камалова Фэриде Болатқызы, аудандық орталық мешіттің бас имамы Ахметов Рахат Төреханұлының қатысуымен «РУ-6» ЖШС-ніңқызметкерлерімен «Діни экстремизм мен терроризм жағдайларын болдырмау және оның алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті.

          Кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің дінтанушы маманы Камалова Феридэ Болатқызы ашып, сыр өңіріндегі, соның ішінде ауданымыздағы діни ахуалға тоқталып өтті. Келесі кезекте аудандық орталық мешіттің бас имамы Ахметов Рахат Төреханұлы «Дәстүрлі ислам және салт-дәстүр» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Аталған баяндамашы бүгінгі қоғамда және адамзат тарихында діннің, оның ішінде конфессияаралық татулықты сақтауда дәстүрлі ислам дінінің алар орнының маңыздылығына, дәстүрлі емес дін өкілдерінің теріс әрекеттері, оларға қарсы атқарылып жатқан ақпараттық-насихаттық жұмыстарды, жастарды жат ағымнан сақтау, ислам дінінің қазақ халқының тұрмыс-салты және рухани өмірінде алатын орнына, еліміздің бүгінгі таңдағы халықаралық қауымдастық деңгейінде бейбітшілік пен дінаралық, этносаралық және конфессияаралық келісімнің тұрақтылық жағдайына тоқталды.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://tauhid.kz/component/k2/item/1172-press-reliz.html#sigProId8d2ef9ee33

          Келесі кезекте «Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі терроризмге қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі  Битасов Наржан Тұрсынбайұлы «Деструктивті ағымдардың құқық бұзушылық әрекеттері» тақырыбында баяндамасын жүргізді. Зайырлы қоғамның дамуындағы дінаралық және ұлтаралық қатынастардың орнына тоқтала отырып, мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының сипатын, экстремизм мен терроризм, әлемде орын алып жатқан террорлық актілердің орын алулары, шахид болу, жиһад жасау мәселелері ислам дініне қарама-қайшы екенін атап көрсетті.

          Келесі сөз, аудандық ішкі саясат бөлімінің дінтанушы маманы Камалова Феридэ Болатқызының «Деструктивті ағымдардың теріс әсері, олардың жалған идеологиясы» тақырыбындағы баяндамасына берілді. Баяндама барысында бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.

Шара қорытындысында қатысушылар тарапынан жан-жақты сұрақтар қойылып, койылған сұрақтарға тұшымды жауаптар алынды. Біршама ойлар айтылып, пікірлер ортаға тасталды. Аталған кездесу өз дәрежесінде өтіп қатысушылар қажетті мағлұматтармен қанағаттандырылды.

          Кездесу соңында қатысушыларға діни буклеттер таратылса, ал кәсіпорын бас директорының орынбасары Б. Сүлейменовке «Дін және дәстүр» мен «Иман негіздері» атты кітап сыйға тартылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз