Бала тәрбиесінде әкелер жіберіп алатын қате

30 Jun 2017 0 comment Оқылды: 64 рет

Сақтап қойыңыз да,өз балаңызға даусыңызды көтергіңіз келген кезде қайта оқыңыз.

 «Құлақ сал,ұлым. Бұл сөздерді сен ұйықтап жатқанда айтып жатырмын. Сен кішкентай қолыңды жастанып,қырыңнан жатырсың,ал сап-сары шаштарың терлеген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен өзім тыныш қана бөлмеңе жасырын кірдім.Бірнеше минут бұрын жұмыс бөлмемде газет оқып отырып,мені үлкен өкініш толқыны тербеді. Мен сенің төсегіңе өз кінәмді толық сезініп келіп отырмын.

 Көңіл-күйім болмаған кезде ашуымды сенен алғанымды ойлапқатты тебірендім. Сен мектепке бару үшін киіне бастаған кезіңде, заттарыңды жинай бастағанда, әрқашан, саған тағар мін таптым. «Өз аяқ-киіміңді тазаламапсың»деп кінәрат іздедім. «Киімдеріңнің біреуін еденге тастап кеттің»деп дауыс көтеріп,айғайлағаным есімнен кетер емес. Таңғы аста да саған тиісетін нәрселер таптым: «шайыңды төктің; тамақты дұрыс шайнамадың; маңдайыңды столға қойдың; нанға майды өте баяу жақтың т.б» 

     Кейін сен ойнауға бара жатқанда, мен пойызға асығып бара жатыр едім. Сен бұрылып, қолыңды бұлғап: «Әкешім, сау болыңыз!» деп айғайладың. Мен болсам, соған қабағымды шытып: «Жағаңды түзе» деп жауап бердім.

Сонымен, жұмыс күнінің аяғында бәрі қайта басталды. Үйге келе жатып,жерге тізерлеп отырып алып шармен ойнап отырғаныңды байқадым. Сенің шұлықтарың жыртылып қалған екен. Сені алдыма салып алып үйге әкелу арқылы жолдастарыңның алдында ұятқа қалдырдым. Шұлық бағалы еді, егер сен оны өз ақшаңа сатып алғаныңда, сен абай болар едің! 

Жұмыс бөлмемде газет оқып отырғанда бөлмеге келгенің есіңде ме? Газеттен көзімді алып,маған кедергі келтірдің дегендей ашулы көзбен қараған кезімде не істеріңді білмей кіре-берісте тұрып қалып едің ғой. «Саған не керек?» деп дөрекі сұраған едім. Сен жауап бермедің, жүгіріп келіп мойныма асылдың да, бетімнен сүйіп-сүйіп алдың. Сенің қолың мойнымды махаббатпен қысып құшақтап тұр еді.  Алла тарапынан жүрегіңе орналастырылған бұл махаббатты менің саған деген ұнамсыз қарым-қатынасым да жоя алмап еді. Одан кейін аяғыңды баяу басып, бөлмеден шығып кеттің. 

   Міне, осыдан кейін, ұлым, газетқолымнан түсіп, мені түсініксіз қорқыныш сезімі баурады. Менің әдеттерім мені қандай жағдайға түсірген? Кнәлау, мін іздеу әдетім сенің кішкентай бала екеніңді ұмыттырып жіберіпті. «Сені жақсы көрмедім» деп айта алмаймын.Басты проблема сенен өте көп нәрсе күтуімжәне өзімнің жасыма сай талаптар қоюуым еді. 

  Ал, сенің бойыңда өте тамаша,керемет мінездерің көп. Кіп-кішкентай жүрегің мейірімге толы. Бұны мен ұйқыға кетер алдында мойнымаасылып, бетімнен сүйген кезіңде байқадым. 

 Мен сенің төсегіңе қараңғыда,ешкімге көрінбей, жасырынкелдім. Алдыңа тізе бүгіп отырмын. Бұл менің айыбымды жуу әрекетім  десе де болады. Бұның бәрін сен ояу кезде айтсам,бұларды түсіне алмайтыныңды білемін. Бірақ,ертеңнен бастап мен НАҒЫЗ ӘКЕ боламын! Мен сенімен достасып, бірге ойнаймын. Сен қайғырғанда бірге қайғырып, қуанғанда бірге қуанамын. Аузымнан сені кінәлайтын, ұнамсыз сөз шығарда тілімді тістесем де өзімді тоқтатамын. Әрқашан өзіме ант беру секілді «Ол әлі кішкентай бала ғой»деген сөзді жиі қайталайтын боламын. 

   Мен саған үлкен жігіт секілді қараппын. Ал, қазір саған қарасам, сенің әлі кішкентай бала екеніңді байқадым. Кеше ғана анаңның құшағында сәби едің ғой,  мен сенен көп нәрсе талап еткен екенмін...

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз