×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 287

Ол қамқорлық иесі еді

15 Dec 2015 0 comment Оқылды: 299 рет

Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде қолында ештеңе болмаған кезі де болатын. Кейде соғыс олжасынан үлес тиіп, бір байып қалатын. Бірақ оның аз ғана бөлігін өзіне алып қалып, үлкен бөлігін таратып жібермесе көңілі тыншымайтын еді. Қиялымыз жете алмайтын мейірім, қиялымыз жете алмайтын қамқорлық иесі де тұғын. Қолында ештеңесі болмай қалса, күлімдеген жүзімен қуаныш сыйлаумен әйтеуір қайырымдылық жасауға тырысатын.

Біреуге бірдеңе беретін кезде берген нәрсесін айта берумен алдындағы адамды ыңғайсыздандырмайтын. Өйткені Ол (с.а.с.) берген нәрсесін Аллаға бергендей қылып беретін. Себебі аятта айтылғандай:

- Садақаларды Алла алады (Тәубе сүресі, 104-аят).

Ардақты сахабалар Оның (с.а.с.) осы көркем болмысынан нәсіп алғандықтан Оған (с.а.с.) сахаба болу  мәртебесін иеленді.

- Сүйген нәрселеріңнен қайырымдылық етпейінше, нағыз жақсылыққа жете алмайсыңдар. Сендер нені қайырымдылық етсеңдер де, Алла оны жақсы біледі (Әли Имран сүресі, 92-аят), аяты түскен кезде сахабалар арасында ең сүйген нәрселерін қайырымдылық ету тұрғысында құдды жарыс басталғандай болатын.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз