×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 287

Сағынып өтем пайғамбар, сондықтан туды армандар.

23 Dec 2015 0 comment Оқылды: 302 рет

 

Қара жер боп шіркін ай жаралмадым,

Табаныңда тапталып Пайғамбардың.

Желбіретіп ақ туын жел болмадым,

Сүйіншілеп әлемге ақ арманын.

Құс болмадым аспанда қалықтаған,

Көкті тіліп ән салып шарықтаған.

Алла һақ, пайғамбар шын деп әлемге,

Қыран болсам  қанаты талықпаған.

Түн пердесін түретін ай болмадым,

Болғанымша пендесі бұл жалғанның.

Көк аспанға хадистен шашу шашып,

Жұлдыздай жарқыратып әр тармағын.

Күн болмадым жаһанға нұрын шашқан,

Көркінен нәр алатын жер мен аспан.

Ізі түскен сар, дала әр бір тасқа,      

Арайлы таң нұрында шашу шашсам.

Пендемін асып, тасып қиялдадым

  Жетегінде қиялдың ұялмадым.

Құлшылығым жасаған қабыл болса,

Алла құлы, үмбеті боп пайғамбардың.

 Бәрінен күшті етіп жаратты Алла,

Ой беріп сана беріп қиялдауға.

Адам қожа бүкіл әлем тіршілікке

Сол үшін сыиынамын бір Аллаға.

Артық айтса пендеңді кешір Алла,

Жалбарынып өтейін мұршам барда.

Қабыл ғып, амалымды, тілегімді,

Нұр жүзін Пайғамбардың көрсет Алла!

Жатқанбаева Күншайым Ниязбекқызы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз