×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 287

СЕН ҚАЗАҚСЫҢ

06 Dec 2015 0 comment Оқылды: 290 рет

 

Сен қазақсың, аттамаған арыңнан,

Ар ұятты артық көрген жаныңнан.

Сен қазақсың, тізе бүгіп көрмеген,

Қолыңдағы айырылсаңда барыңнан.

Сен қазақсың, жарылатын ағыңнан,

Жан емессің ертеңді ойлап тарылған.

Кім келседе төрден орын ұсынып,

Бар –жоғыңмен қауын болып жарылған.

Сен қазақсың, қайыспаған қайғыдан,

Қара күшпен болатты да майырған.

Сен қазақсың, қиын –қыстау күндерде,

Дастарханың берекеге жайылған.

Сен қазақсың, жарып шыққан жалыннан,

Сен қазақсың, бәрін көрген бағыңнан.

Қатар жүрсең үзеңгімен қағысып,

Алыс жүрсең шұрқырасып сағынған.

Сен қазақсың, өр мінезді дархан жан,

Әнмен жуып қасіретін тарқатқан.

Сен қазақсың, пейілімен күш берген,

Жоқ болса да ештемең суырып берер қалтаңнан.

Сен қазақсың, жүдемеген жоқтыққа.

Сен қазақсың, марқаймаған тоқтыққа.

Сен қазақсың, не болса да төзетін,

Сен қазақсың, төзе алмайтын боқтыққа.

Сен қазақсың,  азулыны қайырған.

Сен қазақсың, қаһарлансаң қара жерді айырған.

Қанмен біткен қайсарлығың бар сенің,

Күнің жоқ сенің намысыңнан айырлған.

Сен қазақсың, таза қанды ақ жүрек,

Досың тұрмақ, дұшпанына білдіретін ақ ниет.

Жайып тастап  ақ  дастархан берекеге шақырып,

Сен қазақсың, барша жанға тұратұғын бақ тілеп.

Жатқанбаева Күншайым Ниязбекқызы 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз