Пайғамбарға тіл тигізу қаншалықты қауіпті?

17 Mar 2016 0 comment Оқылды: 175 рет

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Кім Пайғамбарға (с.а.с.) бір салауат айтса, Алла Тағала оған он рет салауат айтады. Пайғамбарды (с.а.с.) бір рет сөккенді Алла Тағала оны он рет сөгеді. Оған дәлел ретінде Пайғамбарды (с.а.с.) бір рет сөккені үшін Уәлид ибн Муғира туралы айтқан Алла Тағаланың аяттарына қара. Онда он сөгіс бар.«Әрбір көп ант ішкіш ынжықтарға бой ұсынба. Өте айыптағыш, өсек тасығышқа. Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәһарға. Қыңыр, сондай-ақ, зинадан туған тексізге. Тіпті малы мен баласы (көп) болса да. Оған аяттарымызды оқығанда, ол «Бұрынғылардың ертегілері» деді». (Қалам сүресі, 10-15-аяттар)».

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз